Әзербайжан мен Грузия келісімге келді

Грузия Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладзе кездесу өткізу үшін барған Әзербайжанда Қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесті.

1978789
Әзербайжан мен Грузия  келісімге келді

Әзербайжан мен Грузия қорғаныс саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Грузия Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладзе кездесу өткізу үшін барған Әзербайжанда Қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесті.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Әзербайжан-Армения шекарасындағы және Ресей күштерінің уақытша бақылауындағы Әзербайжан аумақтарындағы жағдай талқыланды.

Аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери, әскери техника және әскери дайындық салаларындағы ынтымақтастықты тілге тиек еткен  министрлер Әзербайжан, Түркия және Грузия арасындағы екі және үш жақты әскери ынтымақтастық пен бірлескен жаттығуларды талқылады.

Кездесу соңында Хасанов пен Бурчуладзе «Әзербайжан үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойды.

Байланыстары аясында Бакудегі шейіттер қабірстанын аралаған Бурчуладзе президент Ильхам Әлиевтің қабылдауында болды.



Ұқсас жаңалықтар