1 мамыр қақтығысы

Германияда демонстранттар мен полиция арасында төбелес шықты.

1981569
1 мамыр қақтығысы

Германияның астанасы Берлинде 1 мамыр Еңбек және Ынтымақ күні солшыл топтар ұйымдастырған акцияда полиция мен шерушілер арасында қақтығыс шықты.

Нойкёльн ауданындағы Боддин көшесіне жиналған мыңдаған адам одан кейін Кройцберг ауданындағы Ораниен алаңына қарай шеруге шықты. Акция барысында демонстранттар полицияға қарсы ұран тастады.

Шеруді ұйымдастырушылар Коттбуссер Тор алаңына келгенде полицияның қарқындылығын алға тартып, акцияны  ерте аяқтады. Артынша полиция мен шерушілер арасында төбелес басталды. Полиция көптеген демонстрантты ұстады.

Шеруде 6 мың 300 полиция қызметкері міндет атқарды.

Полиция шеруге 12 мың адам қатысқанын айтса, шеру ұйымдастырушылары бұл санның 20 мың екенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар