Суданда қақтығыс жалғасуда

Суданда армия мен Жедел қолдау күштері арасында қақтығыстар жалғасуда.

1983837
Суданда қақтығыс жалғасуда

Ел астанасы Хартум кеше ауыр қақтығыстарға куә болса, екі жақ Сауд Арабиясының Жидда қаласында келіссөздерін жалғастыруда.

Куәгерлердің айтуынша, елорданың орталығындағы Президенттік сарай мен Армия Бас қолбасшылығының айналасында ауыр артиллериялық атыс естіліп, армияның соғыс ұшақтары Үмдірман аймағында Жедел қолдау күштері бақылауындағы кейбір түйіндерге соққы жасаған.

Бахри аймағында қақтығыстар салдарынан кейбір зауыттарда өрт шықты.

Армия 3 мамырда Шығыс Африкадағы даму жөніндегі үкіметаралық органның атысты тоқтатуды бір аптаға ұзартуды ұсынған бастамасын қабылдағанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар