Үндістанда нөсер жауын салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты
Химачал-Прадеш премьер-министрі Сухвиндер Сингх Суху мәлімдеме жасады.
Үндістанда нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен топырақ көшкіні салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты.
«The Times of India» газетінің хабарына қарағанда, елдің Химачал-Прадеш штатында нөсер жауын мен қарқынды желдің әсері жалғасуда.
Химачал-Прадеш премьер-министрі Сухвиндер Сингх Суху «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде соңғы 24 сағатта штатта 50-ден астам адам қаза тапты, 20-дан астам адамның кептеліп қалғанын атап, өлім-жітім санының артатынын болжағандарын білдірді.
Химачал-Прадеш штатына қарасты Шимла қаласындағы Шив ғибадатханасында көшкіннен кейін 14 адамның мәйіті табылды.
«NDTV» телеарнасының хабарына қарағанда, Ішкі істер министрі Амит Шах Ұлттық Апатпен күрес күші (NDRF) топтарының іздеу-құтқару жұмыстары үшін уәлаятта іске кіріскенін мәлімдеді.
Үндістанның метеорологиялық басқармасы (IMD) алдағы 24 сағатта Химачал-Прадеш пен Уттаракхандтың әртүрлі аймақтарында нөсер жаңбырдың жалғасатынын болжап, екі уәлаят үшін де «қызыл дабыл» жариялады.
Ұқсас жаңалықтар
Иран Мемлекет басшысы мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Иран мемлекеттік телеарнасы Реисиге қоса Сыртқы істер министрінің де қаза тапқанын жариялады.