Израильден Сирияға зымыран шабуылы

Сирия әкімшілігінің хабар агенттігі «SANA» зымыран шабуылында 1 сарбаздың жараланғанын білдірді.

2027557
Израильден Сирияға зымыран шабуылы

Израильдің Сирия бас қаласы Дамасктегі кейбір әскери нысадарға зымырандық шабуыл жасағаны алға тартылды.

Сирия әкімшілігіне қарасты «SANA» ақпарат агенттігінің әскери дереккөздерге негізделген хабарында жергілікті уақытпен сағат 23:05-те Дамасктегі кейбір әскери орындарды Голан төбелеріндегі Израиль күштерінің зымыранмен нысанаға алғаны алға тартылды.

Хабарда «Зымыран шабуылынан бір сарбаз жараланды. Материалдық шығын келтірілді» делінді.

Дамаск төңірегінде Сирия армиясы мен Иран қолдайтын лаңкестік топтарға қоса Ливан Хизбулла сарбаздарының бар екені белгілі.

Азаматтық соғыс басталған 2011 жылдан бері Израиль Сириядағы Иран қолдайтын топтар мен Сирия армиясына тиесілі әскери нысандарға шабуылдар жасауда.



Ұқсас жаңалықтар