Тәжікстанда бірнеше ауданда сел жүрді

Тәжікстанда толассыз жауған жаңбырдан 13 адам қаза тапты.

2029928
Тәжікстанда бірнеше ауданда сел жүрді

Тәжікстан президенттігінің мәлімдемесіне қарағанда  кеше толассыз жауған жаңбыр салдарынан Вахдат қаласында 11 адам, Рудаки аймағында 2 адам қаза тапты.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Президент Эмомали Рахмон елдің премьер-министріне, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне және басқа да құрылымдарға табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді, сондай-ақ төтенше жағдайдың зардаптарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.



Ұқсас жаңалықтар