«Азаматтардың өлімі тіркелгенін» мойындады

Израильдің АҚШ-тағы елшісі Майкл Герцог теледидарда сұрақтарға жауап берді.

2060733
«Азаматтардың өлімі тіркелгенін» мойындады

Израильдің АҚШ-тағы елшісі Майкл Герцог Израиль армиясының Газаға жасаған шабуылдарында «азаматтардың өлімі тіркелгенін» мойындады.

Герцог «CBS News» телеарнасының «Face the Nation» бағдарламасына қатысып, күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Журналистің "АҚШ мәліметтері бойынша, Газаның солтүстігінде 400 мың адам қамауда. Мыңдаған бейбіт палестиналық құрбан бар. Ақ Үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің (Джейк Салливан) айтуынша, 70-тен астам БҰҰ қызметкері мен 30 немесе одан да көп журналист өлтірілді. Сіздің армияңыз АҚШ қалағандай тактиканы өзгерте ме?"  деген сұрағына «Бұл сандарға қатысты нақты пікір айта алмаймын» деп жауап берді.

Сандарға қатысты Герцог: «Бұл сандар туралы айтқанда, өте мұқият боламын, өйткені олардың қаншасы террорист, қаншасы бейбіт тұрғын екенін сіз де, мен де білмейміз» деді.

«Әр соғыста күтпеген салдарлар мен бейбіт тұрғындар арасынан құрбандары болады» деген Герцог тек ХАМАС тұтқынындағыларды босатқанда ғана атыстың тоқтайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар