"Хамас шабуылында Израиль армиясы сәтсіздікке ұшырады"

Израиль бас штабының басшысы мәлімдеме жасады.

2070387
"Хамас шабуылында Израиль армиясы сәтсіздікке ұшырады"

Израиль бас штабының басшысы Герци Халеви 7 қазан күні Хамас шабуылында армияның сәтсіздікке ұшырағаны туралы сөздерін қайталады. Халеви баспасөз мәслихатын өткізіп, күн тәртібіне баға берді.

Халеви Израиль армиясының қоршаудағы Газа секторына қарсы жаңа шабуылдарға дайын екенін және қақтығыста «гуманитарлық үзілісті» дайындықтарды қайта қарау үшін қолданғандарын айтты. Ол Израиль армиясының Газадағы барлық тұтқындар босатылмайынша тоқтамайтынын білдірді.

Армияда «Хамастың әскери қанаты Изеддин әл-Кассам бригадасының 7 қазандағы шабуыл жоспарлары туралы барлау мәліметтері келгені, бірақ жоғары шенді офицерлердің қол астындағылардың ескертулерін елемегені туралы» кейбір хабарларға қатысты Халеви барлығының шабуылдар біткеннен кейін тексерілетінін айтты.

Израиль армиясының, соның ішінде Әскери барлау басқармасы да 7 қазан күні сәтсіздікке ұшырағанын қайталаған Бас штаб төрағасы бұған қатысты маңызды тергеулер жүргізілетінін, бірақ әзірге Газаға жасалған шабуылдарға назар аудару керектігін алға тартты.

 



Ұқсас жаңалықтар