Израиль Дамаскіге шабуыл жасады

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2075137
Израиль Дамаскіге шабуыл жасады

Израильдің Сирияның бас қаласы Дамаскінің кейбір нүктелеріне әуе шабуылы жасағаны алға тартылды.

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігінің әскери дереккөзге сілтеген хабарына қарағанда Израиль күштері жергілікті уақытпен сағат 23.05-те Дамаск төңірегінде кейбір нүктелердің әуе шабуылымен нысанаға алынғаны алға тартылды.

Хабарда "Әуе қорғаныс жүйесімен Голан төбелерінен ұшырылған зымырандардың, кейбірлері атып түсірілді. Шабуылда аймаққа материалды шығын келді" делінді.

Израиль билігі шабуылға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар