ДАИШ шабуыл жасады

Террор ұйымы ДАИШ Асад режимі мен Иран қолдаған лаңкестік топтардан құралған режим күштерінің штабы мен түйіндеріне шабуыл жасады.

2083242
ДАИШ шабуыл жасады

Террор ұйымы ДАИШ Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор уәлаятында Асад режимі мен Иран қолдаған лаңкестік топтардан құралған режим күштерінің штабы мен түйіндеріне шабуыл жасады.

Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда ДАИШ мүшесі террористтер Дейр-эз-Зордың оңтүстігіндегі Тебни ауылында Асад режимі мен Иран қолдаған лаңкестік топтардан құралған режим күштері әскери штаб ретінде пайдаланған 17-ші полкке шабуыл жасады.

ДАИШ-тің террористтердің 17-ші полкке жасаған шабуылында көптеген режим элементтерін ұстағаны белгілі болды.

Енді бір жағынан ДАИШ Дейр-эз-Зордың солтүстік-батысындағы Дувайр ауылында Иран қолдаған лаңкестік топтарға тиесілі бір түйінге шабуыл жасады.

Режим күштері шабуылдар болған аймақтарға қосымша күш жіберді.

Қақтығыстардан кейін ДАИШ-тік террористтері шабуыл жасаған штаб пен түйіндерден шегінді.

 



Ұқсас жаңалықтар