"Еуропада бірінші орындамыз" деді
Путин "Германияны артта қалдырдық" деді.
Ресей Президенті Владимир Путин ел экономикасына баға бере отырып, «Германияны артта қалдырдық. Әлемде бесінші орынға көтерілдік. Қытай, Америка Құрама Штаттары, Жапония және Ресей. Еуропада бірінші орындамыз» деді.
Владимир Путин Ресейдің Хабаровск қаласында бір жиналысқа қатысты. Ол Ресей Орталық банкінің пайыз көрсеткішін сатылап төмендететініне сенетінін білдірді. Шетелдердің Ресейге қысым жасағанын да меңзеп, «Жан-жақтан тұншықтыруға тырысуда. Қысым астындамыз. Сонда да Еуропаның алдынғы қатарлы экономикасына иеміз. Германияны артта қалдырдық. Әлемде бесінші орынға көтерілдік. Қытай, Америка Құрама Штаттары, Жапония және Ресей. Еуропада бірінші орындамыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ирландия Палестина мемлекетін мойдайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.