Ең қорғансыз тұрғындарды қорғау үшін 1,5 миллиард долларлық көмек

Гебрейесус Судан, Украина, Эфиопия, Гаити, Мьянма және Газадағы қақтығыстарға алаңдайтындарын айтты.

2089448
Ең қорғансыз тұрғындарды қорғау үшін 1,5 миллиард долларлық көмек

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2024 жылы үшін әлем көлеміндегі ең қорғансыз тұрғындарды қорғау үшін 1,5 миллиард долларлық көмек беруге шақырды.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус тақырыпқа байланысты жиналыста «Биыл шамамен 166 миллион адам  гуманитарлық медициналық көмекке мұқтаж болады» деді.

Гебрейесус Судан, Украина, Эфиопия, Гаити, Мьянма және Газадағы қақтығыстарға алаңдайтындарын айтты.

Ол 2023 жылы әлем көлемінде әрбір бес баланың бірінің қақтығыс аймағында тұратынын немесе қашуға мәжбүр болғанын білдірді. Ол климат өзгерісінің де денсаулыққа теріс әсер еткенін атап көрсетті.

2023 жылы гуманитарлық көмек қаржысының соңғы он жылдың ең төмен деңгейінде қалғанын білдірген Гебрейесус медицина саласында көзделген қаржының тек 12 пайызының қамдалғанын айтты.

Ол ДДСҰ-ның 2024 жылы әлем көлемінде ең қорғансыздарды қорғау үшін 1,5 миллиард долларлық көмек үшін шақыру тастағанын айтты. Гебрейесус осы көмек арқылы 87 миллион адамға «өмірін аман алып қалатын» гуманитарлық көмек жеткізуді мақсат еткендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар