Финляндия Ресеймен шекарасын ашпайды
Шекараны жабу шешімінің мерзімі 14 сәуір күніне дейін созылды.
Финляндия Ресеймен шекараны жабу шешімінің мерзімін созды.
Финляндия Ішкі істер министрі Мари Рантанен Хельсинкиде баспасөз мәслихатында сөйледі. Ол Ресейден келген «көштің» Финляндияның ұлттық қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібі үшін «үлкен қауіп» екенін айтты. Рантанен сондықтан Ресеймен арадағы шекараны жабу шешімінің мерзімінің 14 сәуір күніне дейін созылғанын білдірді.
Финляндия екі ел арасындағы келіспеушілік салдарынан 28 қараша күні шекараны уақытша жабатынын хабарлаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Нетаньяху мен Салливан Иерусалимде бас қосты
Тақырыппен байланысты хабар Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN»-да орын алды.
Иран Мемлекет басшысы мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Иран мемлекеттік телеарнасы Реисиге қоса Сыртқы істер министрінің де қаза тапқанын жариялады.