Тұтқын алмастырылды

Украина Президенті Зеленский "100 әскеріміз үйіне оралды." деп жазды.

2099826
Тұтқын алмастырылды

Ресей мен Украина арасында тұтқын алмасылды.  Бұл жолы өзара 100 әскер босатылды.

Украина Президенті Владимир Зеленский «100 әскеріміз үйіне оралды.  Бүгінге дейін 3  мың 135 украин орыс қамауынан құтылды» деп жазды.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинамен тұтқын алмастырылғанын білдірді. келіссөз нәтижесінде Киев әкімшілігінің бақылауындағы жерлерден орыстың 100 әскерінің қайта оралғаны айтылды.  Хабарламада «Осыған қарымжы ретінде Украина Қарулы күштерінің 100 әскері кері қайтарылды. Орыс әскерлері министрлікке қарасты медициналық орталықтарда емделу үшін Мәскеуге жеткізіледі.  Босатылған әскерлерге медициналық және психологиялық көмек беріледі. Біріккен Араб Әмірліктері орыс әскерлерінің босатылуында араағайындық жасады» деп айтылды.

Екі жылдан бері соғысып жатқан екі ел арасында тұтқын алмасу соңғы рет 31 қаңтар күні жасалып, екі жақтан да 195 әскер алмастырылған еді.



Ұқсас жаңалықтар