АҚШ пен Германия Украинаға қолдауын жалғастырады

Байден мен Шольц Украинаға қолдауды жалғастыратындарын айтты.

2100365
АҚШ пен Германия Украинаға қолдауын жалғастырады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден мен Германия премьер-министрі Олаф Шольц батыстың Украинаға күшті қолдау көрсетуін жалғастыруы керек екенін атап өтті.

Екі лидер баспасөзге берген мәлімдемесінде Украинаға қолдау көрсетуге қатысты көзқарастарын білдірді.

АҚШ Конгресіндегі Республикашылдарды «Украинаға қолдау көрсетуге тосқауыл қойды» деп айыптаған Байден мұның дерлік қылмыстық әрекет екенін алға тартты. Аталмыш көмектің Украинаға жөнелтілуі керектігіне назар аударған Байден АҚШ пен Еуропа елдерінің бұл мәселеде бірлесіп жұмыс істейтінін білдірді.

Батыс елдерінің қолдауынсыз Киевтің өз жерін қорғай алмайтынын түсіндірген Шольц Ресейге қарсы Украинаға жаңа көмектердің тез арада жіберілу керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар