Филиппиндерде топырақ көшкінінен қаза тапқангдар саны 68-ге жетті

Муниципалды Апат қаупін азайту және басқару кеңсесі мәлімдеме жасады.

2100819
Филиппиндерде топырақ көшкінінен қаза тапқангдар саны 68-ге жетті

Филиппиннің оңтүстігінде 6 ақпан күні болған топырақ көшкіннен қаза тапқандар саны 68-ге жетті.

«Manila Bulletin» газетінің хабарына қарағанда Муниципалды Апат қаупін азайту және басқару кеңсесі елдің оңтүстігіндегі Масара ауылында орын алған топырақ көшкінімен байланысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде көшкіннен зардап шеккен аймақтардан тағы 14 мәйіттің шығарылуымен қаза тапқандар санының 68-ге жеткені хабарланды.

Мәлімдемеде қазірге дейін 32 жаралының құтқарылғаны, іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны атап көрсетілді. Мемлекеттік органдар хабар-ошарсыз кеткен адамдар туралы ақпаратты тиісті мекемелерге жеткізуге шақырды.

Билік табиғи апаттан зардап шеккен 1 100 отбасының аймақтан эвакуацияланғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар