Ұшатын такси қызметке берілді

Дубай қаласында ұшатын такси қызметін бастады.

2101162
Ұшатын такси қызметке берілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ұшатын такси қызметін бастады.

«WAM» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Дубай ұшатын такси қызметке берілген алғашқы қала атанды. Таксиде бір ұшқышпен бірге 4 жолаушы саяхаттай алады.

Көліктің ұшу қашықтығы- 161 км. Жылдамдығы да 320 км/сағатқа жетеді. Ұшатын таксидің Дубай Халықаралық әуежайы маңында, қала орталығында, Дубай Маринада және Пальм Джумейрада, барлығы 4 стансасы болады.

Ұшатын такси арқылы әуежайдан Пальм Джумейраға дейінгі 45 минуттық жол 10 минутқа қысқарады.



Ұқсас жаңалықтар