Австралияда 529 мың адам жарықсыз қалды

Австралияның Виктория штатында қатты дауыл салдарынан 529 мың адам жарықсыз қалды.

2102170
Австралияда 529 мың адам жарықсыз қалды

Австралияның Виктория штатында қатты дауыл салдарынан 529 мың адам жарықсыз қалды.

Виктория штатында нөсер жауын мен жел тұрмыстық өмірге кері әсерін тигізуде.

Дауыл кезінде көптеген электр жеткізу мұнарасы құлап, бір электр станциясының істен шығуымен штатта мыңдаған адам жарықсыз қалды.

Виктория штатының энергетика министрі Лили Д'Амбросио «Х» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламада мұның штат тарихындағы ең үлкен үзілістердің бірі екенін атап, электр желілерінің физикалық зақымдануынан 529 мың адамның жарықсыз қалғанын мәлімдеді.

Дауылдың көлік қатынасына да кері әсер еткені хабарланып, Мельбурн қаласындағы кейбір пойыз сапарлары да тоқтады.



Ұқсас жаңалықтар