Армения Әзербайжанмен бейбіт келіссөздерді жалғастырады

Армения Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

2109571
Армения Әзербайжанмен бейбіт келіссөздерді жалғастырады

Армения Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесіне қарағанда министр Арарат Мирзоян және Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов басшылық жасаған делегацияның Германияда жасаған жиналыста екі ел арасында қол қойылатын бітімгершілік келісімі мәтін жобасымен айналысып жатқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Министрлер мен делегациялар Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнату және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар туралы өзара келісім жобасы ережелері туралы пікірлерді талқылады. Ашық тақырыптар бойынша келіссөздерді жалғастыру туралы өзара келісікені баса айтылды» делінді.

Кездесу аясында министрлердің Германия Сыртқы істер министрі Аннален Баербокпен де өзара және үшжақты кездесулер өткізгені атап көрсетілді.

Германияда ұйымдастырылған "60-шы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында" бас қосқан Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның тапсырмасы бойынша Байрамов пен Мирзоянның 28-29 ақпан күндері бас қосуы туралы келісімге қол жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар