«Түркия сияқты аймақтық күштер рөл ойнамайынша Газада шешімге жету қиын»

Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы елшісі Джефф Флейк сұрақтарға жауап берді.

2115712
«Түркия сияқты аймақтық күштер рөл ойнамайынша Газада шешімге жету қиын»

Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы елшісі Джефф Флейк «Түркия сияқты аймақтық күштер рөл ойнамайынша Газада шешімге жету қиын» деді.

«MSNBC» арнасында бір бағдарламаға қонақ болған Елші Джефф Флейк Түркияның АҚШ-пен қарым-қатынасы, Ресей-Украина соғысындағы ұстанымы және Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына көзқарасы туралы баға берді.

Флейк "Солтүстікте Украинада соғыс бар, оңтүстігінде Газада соғыс бар, Түркия дәл ортасында. 97 пайызы мұсылман ел ретінде олардың палестиналықтарға жақындығы бар екені анық. Сондықтан Израильдің Газаға кіруіне сынмен қарайды. Олар кепілгер ретінде әрекет етуге және тұрақты бейбітшілік үшін басқа аймақтық серіктестермен жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді. Олар да біз секілді екі мемлекетті шешімді қолдайды. Сондықтан біз бірге жұмыс істейміз деп ойлаймын. Түркия сияқты аймақтық күштер рөл ойнамайынша Газада шешімге жету қиын» деді.

 

Түркияның Украинаның егемендігін қолдайтынын атап көрсеткен Флейк Украинаның Түркиядан сатып алған ұшқышсыз ұшақтарының Ресеймен соғыста өте маңызды рөл атқарғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар