Жапонияда химиялық заттар тиелген танкер суға батып кетті

Акрил қышқылы тасымалдаған танкердегі 5 экипажды іздеу-құтқару жұмысы жалғасуда.

2117725
Жапонияда химиялық заттар тиелген танкер суға батып кетті

Жапонияның батыс жағалауында химиялық зат тиелген бір кеме аударылып, экипаждың 5 мүшесін іздестіру жұмыстарының басталғаны хабарланды.

Мемлекеттік «NHK» телеарнасының хабарлауынша, Оңтүстік Корея туы ілінген химиялық танкер елдің батысындағы Ямагучи уәлаятындағы Шимоносеки қаласы су айдынында қатты жел мен жоғары толқын салдарынан аударылды.

Оқиға кезінде танкердегі 8 индонезиялық, 2 оңтүстік кореялық және 1 қытайлық, барлығы 11 экипаж мүшесі болғаны және олардың 6-сының құтқарылғаны білдірілді.

Киодо агенттігінің жергілікті лауазымдыларға негізделген хабарына қарағанда, ұшақ пен патрульдік кемелер арқылы жоғалған 5 адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жапония жағалау күзеті ұзындығы 68,8 метр және ені 10,6 метр болған танкерде 980 тонна акрил қышқылының тасымалданғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар