Энтони Блинкен Беньямин Нетаньяхумен кездесті

ҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесті.

2119017
Энтони Блинкен Беньямин Нетаньяхумен кездесті

Тель-Авив пен Хамас арасындағы тұтқын алмасу келіссөздері күн тәртібінде тұрған кезеңде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесті.

Таяу Шығыс сапары аясында бүгін таңертең Израильге барған Блинкен Тель-Авивте Нетаньяхумен кездесті.

Израиль премьер-министрлігінің баспасөз қызметінен жасалған мәлімдемеде Блинкеннің Нетаньяхумен кездесуінен кейін Соғыс кабинеті мүшелерімен кездесетіні айтылды.

Нетаньяху мен Блинкен кездесуінде талқыланған мәселелерге қатысты ақпарат берілмеді.

Блинкен Тель-Авив пен Хамас арасындағы тұтқын алмасу келіссөздерін талқылау үшін бейсенбіде Сауд Арабиясына және кеше Мысырға барған еді.

Бүгін таңертең Израильге барған Блинкеннің бұл сапары 7 қазаннан кейін бұл елге 6-шы сапары ретінде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар