Мәскеудегі лаңкестік шабуылда қаза тапқандар саны 139-ға жетті

Бастрикин «Шабуыл кесірінен 139 адам қаза тапты. Қайтыс болғандар арасында үш бала бар» деді.

2120168
Мәскеудегі лаңкестік шабуылда қаза тапқандар саны 139-ға жетті

Жұма күні кешке Ресей астанасы Мәскеудегі концерт залында болған лаңкестік шабуылда қаза тапқандар саны 139-ға жетті.

Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен теракт талқыланған жиында Ресей тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрикин сөз сөйледі.

Лаңкестердің концерт залына ((Түркия уақыты бойынша сағат)  19.58-де кіргенін және 20.11-де ғимараттан шыққанын айтқан Бастрикин қолға түскен шабуылшылардың қылмыстарын мойындағандарын білдірді.

Бастрикин «Шабуыл кесірінен 139 адам қаза тапты. Қайтыс болғандар арасында үш бала бар» деді.

Александр Бастрикин шабуылда 182 адамның жараланғанын айтты.

Ел астанасы Мәскеудегі концерт залында 22 наурыз күні кешке лаңкестік шабуыл болған еді.

Әлеуметтік желіде бөлісілген суреттерде шабуылшылардың залда автоматты қарумен кездейсоқ оқ жаудырғаны көрінді.

Шабуылдың жауапкершілігін террор ұйымы ДАИШ өз мойнына алды. 7 адам тұтқындалды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар