Рафах операциясына балама жолдар бар екенін айтты

Блинкен Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлантпен кездесті.

2120439
Рафах операциясына балама жолдар бар екенін айтты

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильдің Рафах қаласына қарсы «құрлық операциясына» балама нұсқалар бар екенін мәлімдеді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Блинкен бас қала Вашингтонда Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлантпен кездесті.

Кездесуде Блинкен Рафахқа қарсы «құрлық операциясына» қарсы екендерін және оған балама жолдар бар екенін баса айтты.

 Блинкен сонымен қатар Израиль министрімен Газадағы бейбіт тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін гуманитарлық көмекті тез арада арттыруды талқылады.



Ұқсас жаңалықтар