Дэвид Кэмерон Ресейдің айыптауларын "бос сөз" деп атады

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон хабарлама жасады.

2120791
Дэвид Кэмерон Ресейдің айыптауларын "бос сөз" деп атады

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Ресейдің бас қаласы Мәскеудегі концерт залында жасалған лаңкестік әрекеттің артында батыс пен Украина тұр деген мәлімдеменің «бос сөз» екенін білдірді.

Дэвид Кэмерон жеке «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламада Мәскеудегі лаңкестік әрекетке тоқталды.

Кэмерон «Бұл шабуылдың жалғыз жауаптысының ДАИШ террор ұйымы екенін анық көрсеткен Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) мәлімдемелерін қолдаймыз» деді.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) директоры Александр Бортников журналистерге жасаған мәлімдемесінде Мәскеудегі концерт залындағы лаңкестік әрекеттің артында АҚШ, Ұлыбритания және Украина тұрғанын атап көрсетті.

«Террор шабуылының артында АҚШ, Ұлыбритания және Украина бар ма?» деп қойылған сұраққа қайтарған жауабында Бортников «Солай деп ойлаймыз. Қазірдің өзінде бар есеп туралы айтып отырмыз. Бұл жалпы ақпарат, бірақ олардың да мүддесіне» деген еді.

Ресей Тергеу комитеті шабуылда 139 адамның қаза тапқанын жариялап, 100-ден астам адамның жараланғанын хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин шабуылды жасаған 4 қанішерге қоса, тағы 11 адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар