Энтони Блинкен Махмұд Аббаспен сөйлесті

Әңгіме барысында Блинкен Палестинада құрылған жаңа министрлер кабинетін құптағандарын баяндап, бірге жұмыс істеуді асыға күтетіндерін білдірді.

2123440
Энтони Блинкен Махмұд Аббаспен сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Палестина мемлекет басшысы Махмұд Аббаспен Палестинадағы жаңа министрлер кабинетін талқылады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Блинкен Аббаспен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Блинкен Палестинада құрылған жаңа министрлер кабинетін құптағандарын баяндап, бірге жұмыс істеуді асыға күтетіндерін білдірді.

Батыс Шерия мен Газада Палестина халқына жақсы жағдай жасау үшін жаңа министрлер кабинетімен бұдан да күшті талпыныстар жасалуы мүмкін екенін атап көрсеткен Блинкен кепілге алынғандардың босатылуы және Газада тез арада атысты тоқтату керек екенін білдірді. Блинкен мұндай жағдайда гуманитарлық көмектің аймаққа жылдам жеткізілетінін айтты.

Блинкен сондай-ақ Израиль қауіпсіздік кепілдігін алған жағдайда тәуелсіз Палестина мемлекетін құру мақсатына адал екендіктерін қайталады.



Ұқсас жаңалықтар