Голан төбесіне Ресей бекет орналастырды
"Голан жоталарына Ресейдің қосымша әскери полиция бекеті орналастырылды", - деді Попов.
2123690
Ресей Голан төбесі аймағында қосымша ресейлік әскери полиция бекетінің орналастырылғанын хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің Сириядағы қақтығысушы тараптарды татуластыру орталығы басшысының орынбасары, генерал-майор Юрий Попов Голан биіктеріндегі жағдай туралы ақпарат берді.
«Израиль армиясы мен Сирия арасындағы аймақтың «Браво» сызығындағы жағдайды бақылау үшін Голан жоталарына Ресейдің қосымша әскери полиция бекеті орналастырылды», - деді Попов.
Мәлімдемеде бұл полиция бөлімшесі тараптар арасындағы қақтығыстарды тоқтатудың қаншалықты орындалып жатқанын қадағалайтыны айтылған.
Ұқсас жаңалықтар
Нетаньяху мен Салливан Иерусалимде бас қосты
Тақырыппен байланысты хабар Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN»-да орын алды.