Ресей Харьковке шабуыл жасады

Ресей жасаған шабуылдарда 4 адам қаза тапты.

2124824
Ресей Харьковке шабуыл жасады

Украинаның Харьков қаласына «Шахед» пилотсыз әуе көліктерімен Ресей жасаған шабуылдарда 4 адам қаза тапты.

Харьков облысы әскери әкімшілігі басшысы Олег Синегубов әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

Мәлімдемеге қарағанда Ресей армиясы Харьковке жіберген «Шахед» атты кемінде 15 пилотсыз әуе көлігінің жартысы құлатылды. Шабуылда қаланың Новобаварский, Слобидский, Салтивский аудандары нысанаға алынды.

Пилотсыз әуе көліктерінің бірі Новобаварскийдегі 14 қабатты тұрғын үйді соғылды. Оқиғада 4 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды.

Марқұм болған үш адамның алғашқы шабуыл болған жерге барған іздеу-құтқару тобының мүшесі екені хабарланды.

2022 жылы 24 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіру туралы бұйрық берген және осылайша Ресей-Украина соғысы басталған болатын.

Путин Киевтің НАТО-ға мүшелігіне жол бермеу және оны Ресейдің ықпалында ұстау үшін елді қарусыздандыру және нацистіктен тазалауды мақсат етіп отырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар