Пашинян «геноцид» деп айтқан жоқ

Никол Пашинянның 1915 жылғы айыптаулар туралы мәлімдемесі елде оппозицияның наразылығын тудырды.

2128197
Пашинян «геноцид» деп айтқан жоқ

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның 1915 жылғы айыптаулармен байланысты «Үлкен апат (Meds Yeghern)» және «қылмыс» атауын қолдануы елінде дау тудырды.

Премьер-министр Пашинян өзінің биліктегі партиясы «Азаматтық келісім» саяси мектебіне дайындалған «Армения Республикасының әлеуметтік психологиясы» тақырыпты үндеуін Фейсбуктегі жеке аккаунтынан жариялады.

17-ғасырдың басында Иран көшбасшысы Шах Аббастың армяндарды Иранға қоныс аударуының халықтың әлеуметтік психологиясына терең ықпал еткенін алға тартқан Пашинян 1915 жылғы айыптауларға да тоқталды.

Пашинян 1915 жылғы айыптаулар үшін «геноцид» деудің орнына «Үлкен апат (Meds Yeghern)» және «қылмыс» сөздерін қолданды.

Қысқа уақыт ішінде оппозициялық ортадан наразылықтар келген Пашинянның сөзі елде күн тәртібіне айналды.

Никол Пашинян бұл сынға әлі жауап қайтарған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар