Израильде наразылықтар жалғасуда
Тель-Авивте кепілге алынғандардың отбасылары мен жақтастары қайтадан шеруге шықты.
Израильдің Газа секторындағы қырғындары жалғасып жатқанда, ел ішінде премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға деген наразылық жалғасуда.
Тель-Авивте кепілге алынғандардың отбасылары мен жақтастары қайтадан шеруге шықты.
Израильдік тұтқындардың туыс-тамырлары мен жақтастары Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдына жиналып, «атысты тоқтатуды» талап етті.
Наразылық білдірушілер Палестина Азаттық қозғалысы «Хамас»-тың қолында болған кепілге алынғандардың тезірек үйлеріне оралуын талап етті.
Демонстранттар Қорғаныс министрлігі ғимаратынан елдің ең ірі кәсіподағы «Хисдатруттың» штаб-пәтеріне дейін жүрді.
«Жалпы ереуіл немесе қолдау» және «Жедел келісім» деп жазылған плакаттар ұстаған шерушілер «Хисдатруттан тұтқын алмасу келісіміне қол қою үшін үкіметке қысым көрсетуін талап етті.