Владимир Зеленский Йенс Столтенбергпен кездесті

Владимир Зеленский ресми сапармен Украинаның астанасы Киевке барған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті.

2133808
Владимир Зеленский Йенс Столтенбергпен кездесті

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясы жаңа шабуылдарға дайындалып жатқанын және бұл шабуылдарды одақтастарымен бірге тойтару керектігін мәлімдеді.

Владимир Зеленский ресми сапармен Украинаның астанасы Киевке барған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті.

Кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Зеленский серіктестерінен, әсіресе Америка Құрама Штаттарынан қару-жарақ тасымалдауын күтетіндерін айтты.

Ресей армиясының қазіргі жағдайдан пайда көретінін түсіндірген Зеленский: «Сондықтан жылдам жөнелту майдандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету дегенді білдіреді» деді.

Зеленский «155 калибрлі артиллерия, алыс қашықтықтағы қару-жарақ және әуе қорғанысы, әсіресе Патриот жүйелері. Бұлар біздің серіктестерімізде бар және қазір Ресейдің Украинадағы лаңкестік амбицияларын жою үшін жұмыс істеуі керек. Ресей армиясы жаңа шабуылдық әрекеттерге дайындалуда. Одақтастарымызбен бірген Ресей шабуылдарына тойтарыс беруіміз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар