Газа секторында із-түзсіз жоғалған адам саны 10 мыңнан асты

Газа секторындағы Азаматтық Қорғаныс басқармасы тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.

2134049
Газа секторында із-түзсіз жоғалған адам саны 10 мыңнан асты

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында үйінді астында 10 мыңнан астам адамның із-түзсіз жоғалғаны хабарланды.

Газа секторындағы Азаматтық Қорғаныс басқармасы тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Израиль шабуылдарын бастаған 7 қазан күнінен бері үйінділер астында 10 мыңнан астам адамның із-түзсіз жоғалып кеткені және командалар бұл адамдарға жете алмағандықтан, Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы қаза тапқандар санына қатысты жасаған мәлімдемелерінде орын алмағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде із-түзсіз жоғалғандармен бірге Газа секторында қаза тапқандардың жалпы санының 44 мыңнан асқаны білдірілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының қызметкерлер мен құрал-жабдық жетіспеуіне байланысты 2-3 жылға созылуы мүмкін екені хабарланған мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымы лауазымдыларының Израильдің Газа секторындағы шабуылдарынан кемінде 37 миллион тонна үйінді қалғанын есептегеніне назар аударылды атап көрсетілді.

Үйінді астында мыңдаған мәйіттің жиналуына байланысты эпидемиялық аурулардың таралатыны ескертілген мәлімдемеде жаз айларында ауа температурасының жоғарылауымен мәйіттердің ыдырау процесінің жылдамдайтынына назар аударылды.

Үйінді астында мыңдаған мәйіттің жиналуына байланысты эпидемиялық аурулардың таралатыны ескертілген мәлімдемеде жаз айларында ауа температурасының жоғарылауымен мәйіттердің шіру процесінің жылдамдайтынына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар