АҚШ пен Ұлыбританиядағы университеттерде шерулер жалғасуда

АҚШ-тағы университеттерде басталған шерулер Ұлыбританиядағы университеттерде де тарай бастады.

2134402
АҚШ пен Ұлыбританиядағы университеттерде шерулер жалғасуда

АҚШ Колумбия университетінде басталған және палестиналықтарды жақтаған наразылықтар Ұлыбританиядағы университеттерде де тарай бастады.

«Newcastle», «Bristol», «Warwick», «Leed», «Sheffield» және «Sheffield Hallam» университеттеріндегі студенттер корпустары орналасқан ашық алаңдарға жиналып, шатырлар құрды және Палестинаны қолдайтын шерулерін өткізді.

Шеруші студенттер мен қызметкерлер өз университеттерін Израильге қару-жарақ жеткізетін компаниялармен ынтымақтастықты тоқтатуға шақырды.

АҚШ-тың 50-ден астам ірі университетінде Палестинаны қолдауға арналған студенттердің наразылығы жалғасуда.

Полицейлер соңғы 2 аптадағы шерулер кезінде 1000-нан астам адамды, соның ішінде кейбір оқытушыларды тергеуге алды.



Ұқсас жаңалықтар