Әл-Нахиян қайтыс болды

Тахнун ибн-Мұхаммед Әл Нахаян үшін елде 7 күндік аза тұту жарияланды.

2134390
Әл-Нахиян қайтыс болды

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) негізін қалаушылардың бірі шейх Тахнун ибн-Мұхаммед Әл Нахаян қайтыс болып, елде 7 күндік аза тұту жарияланды.

БАӘ-нің ақпарат агенттігі «WAM»-ға қарағанда БАӘ Мемлекет басшысы Шейх Халифа ибн-Заид әл-Нахайянның ағасы және Дубай әмірлігінің Әл-Айн губернаторы шейх Тахнун ибн-Мұхаммедтің қайтыс болуына байланысты «қайғылы» екені айтылды.

Шейх Тахнун ибн-Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін елдегі тулар жартылай түсіріліп, 7 күн аза тұту жарияланғаны хабарланды.

Мәлімдемеде шейх Тахнун ибн-Мұхаммедтің 1971 жылы БАӘ құрылған кезде негізін қалаушы Әл-Нахайянмен бірге жұмыс істегені және елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ADNOC» мұнай және табиғи газ компаниясының директоры болғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар