Париждегі шерулерге мыңдаған адам қатысты

Францияда 1 мамыр – Халықаралық еңбек күнінде полиция мен шерушілер арасында төбелес болды.

2134573
Париждегі шерулерге мыңдаған адам қатысты
paris 1 mayis.jpg

Францияда 1 мамыр – Халықаралық еңбек күнінде полиция мен шерушілер арасында төбелес болды. Полиция кем дегенде 47 адамды ұстаса, 15 полиция қызметкері жарақат алды.

Елдегі ең көрнекті кәсіподақ CGT бастаған Париждегі шерулерге мыңдаған адам қатысты. Шерушілер Республика алаңынан Nation алаңына дейін жүріп өтті.

CGT кәсіподақтар және әртүрлі жастар ұйымдары бастаған шерушілер еңбек жағдайлары мен жалақыны жақсарту сияқты талаптармен үнемдеу саясатына қарсы екендіктерін жариялады.

Шеру кезінде полиция мен шерушілер арасында төбелес болды.

Қара киім киген бір топ шерушілер жақын маңдағы банк бөлімшелері мен дүкендерге шабуыл жасады.

Полиция  шерушілерге д көзден жас ағызатын газбен килікті. Оқиғаларда 15 полиция қызметкері жараланып, кемінде 25 адам ұсталды.

 



Ұқсас жаңалықтар