Путин міндетін ресми түрде бастады

Ант беру рәсімін ресейлік телеарналар тікелей эфирде көрсетті.

2136548
Путин міндетін ресми түрде бастады

Ресейде Владимир Путин ант беріп, бесінші рет президенттік міндетін ресми түрде бастады.

Кремльде өткен ант беру рәсіміне Федерация Ассамблеясы, Дума және Конституциялық сот мүшелері, баспасөз өкілдері мен азаматтарды қосқанда 2600-ге жуық қонақ қатысты.

Ант беру рәсімін ресейлік телеарналар тікелей эфирде көрсетті.

Рәсімде сөйлеген сөзінде Путин өзін осы лауазымға қайта сайлаған азаматтарға алғысын білдіріп, одан кейін Ресей халқының мүддесі мен қауіпсіздігі бәрінен де маңызды екенін атап өтті.

«Біз Ресейді сенімді және адал серіктес ретінде көретін барлық елдермен жақсы қарым-қатынасты нығайтуға ашық болдық және ашық боламыз» деді ол.

Владимир Путиннің ант беру рәсіміне Түркия атынан елші Танжу Билгич қатысты.



Ұқсас жаңалықтар