Мысырдағы келіссөз бүгін аяқталады

Бұл туралы Мысырдағы «Әл-Каир әл-Ихбария» телеарнасының хабарында айтылды.

2136762
Мысырдағы келіссөз бүгін аяқталады

Газада атысты тоқтату және тұтқын алмасу үшін Мысырдың астанасы Каирде өткен делегациялар арасындағы келіссөздердің бүгін аяқталатыны хабарланды.
Бұл туралы Мысырдағы «Әл-Каир әл-Ихбария» телеарнасының хабарында айтылды. Хабарға қарағанда аты-жөнін атамаған шенеунік Каирде тараптар арасындағы келіссөздердің бүгін аяқталатынын айтты.
Израильге Рафахтағы шиеленісті ұлғайтудың қауіпті екенін хабарлағандарын білдірген дереккөз Мысырдың кез келген сценарийге дайын екенін атап көрсетті. 
Кеше «Әл-Каир әл-Ихбария» телеарнасы Каирдегі келіссөздерге Хамас, Катар және Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) делегациялар қатысқанын хабарлаған болатын. 
Хамас қозғалысының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания алдыңғы күні Катар мен Мысырға атысты тоқтату келісіміне қатысты ұсыныстарын мақұлдағанын білдірген еді. 
Ал  Израильдің соғыс кабинеті Рафахтағы шабуылдарды жалғастыруға шешім қабылдады.
 



Ұқсас жаңалықтар