Ресейден Францияға ескерту келді

Франция Украинаға өз сарбаздарын жіберсе, Ресейдің нысанасына айналады.

2137039
Ресейден Францияға ескерту келді

 Ресейден осындай мәлімдеме келді. 
Франция президенті Эммануэль Макрон ақпан айындағы мәлімдемесінде 2022 жылдың 24 ақпанынан бері өз аумағына кірген Ресейге қарсы соғысып жатқан Украинаға француз әскерлерінің жіберілуін назардан тыс қалдырмайтындарын мәлімдеген еді.
Оның осы сөзіне Ресейден жауап келді. 
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Мәскеудегі баспасөз мәслихатында Макронның мәлімдемесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Захарова «Макронның бұл әңгімесі оның Ресей үшін «стратегиялық белгісіздік» түрін тудырғысы келетінін білдіреді» деді.
«Біз Эммануэль Макронның көңілін қалдыруымыз керек», - деді Ресей өкілі.
Захарова «Егер француздар қақтығыс аймағына келетін болса, сөзсіз Ресей армиясының нысанасына айналады» деді. 
 



Ұқсас жаңалықтар