Газада қаза тапқандар саны 34 мың 904-ке жетті

Соңғы бір тәулікте 60 адам қаза тапты.

2137461
Газада қаза тапқандар саны 34 мың 904-ке жетті

Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 34 мың 904-ке артты.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің 216 күннен бері Газа секторына жасаған шабуылдары туралы мәлімет берілді. Мәлімдемеде Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газаның әртүрлі аймақтарына жасаған шабуылында 4 қырғын жасағаны, шабуылдарда тағы 60 палестиналықтың қаза тапқаны және 110 палестиналықтың жараланғаны атап көрсетілді.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 34 мың 904-ке, жараланғандар санының 78 мың 514-ке жеткені білдірілді.

Мәлімдемеде үйінділер астында және жол бойында әлі де өлген адамдардың бар екені, бірақ Израиль күштерінің кедергісі салдарынан медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағаны баса айтылды.


Этикеттер: #шабуыл , #Газа , #Израиль

Ұқсас жаңалықтар