Түрмедегілерді армияға тартады

Бұл туралы заң жобасы қабылданды.

2137462
Түрмедегілерді армияға тартады

Украина түрмедегі тұтқындарды армияға тартады.

Парламент сайтында түрмедегі жазасын өтеушілерді жұмылдыру шараларына қосу туралы заң жобасы қабылданғаны хабарланды.

Депутат Алексей Гончаренко бұл заңның 279 дауыспен қабылданғанын, осылайша кейбір санаттағы тұтқындардың Украина қарулы күштері қатарына қабылданатынын айтты. Гончаренко қасақана кісі өлтіру, зорлау, сексуалдық зорлық-зомбылық және ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар бойынша сотталғандардың жұмылдыруға енбейтінін білдірді.

Биліктегі «Халық қызметшісі» партиясының парламенттік тобының төрағасы Дэвид Арахамия да мобилизацияға 15-20 мың тұтқынның қосылуы мүмкін екенін айтып, «Біз олардың қаншасы келісімшартқа қол қоятынын білмейміз, өйткені бұл тараптардың келісімімен болады, бірнеше мың адам болады деп есептейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар