Ханзада Томохито Микасаны еске алу

Түркияға келген Жапония Алтес ханшайымы Акико Микаса концертке қатысты.

61422
Ханзада Томохито Микасаны еске алу

Мәдениет және туризм министрлігінің шақыруымен Түркияға келген Жапония Алтес ханшайымы Акико Микаса 2012 жылы қайтыс болған түрік досы Ханзада Томохито Микасаны еске алу концертіне қатысты.
Түріктерді дос деп санаған Алтес ханзадасы Томохито Микаса түрік-жапон достығы мен ықпалдастығын нығайту мақсатында маңызды істер атқарған болатын. Түркияда Президенттік симфония оркестрі Микасаға арнап концерт берді.
Концертте сахнаға жапон өнерпаздар да шықты. Ханзада Микасаның Түркия және Жапонияның достық қатынастарының нығаюына қосқан еңбектері атап өтілді.
Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик «Алтес ханзадасы Микаса екі ел арасында мәңгі тұратын көпір салып кетті. Ханзада әкеңізді құрметпен еске аламын» деді.
Алтес ханшайымы Акико Микаса да «Әкем үшін Түркия ерекше бір ел еді. Әкемнің табытына өз бұйымдарымен қоса тастамай киген түрік байрағы суреттелген жейдесін де қойдық. Әкемнің түрік байрақты жейдесімен күлімсіреп тұрған бейнесінің түрік халқының жадынан өшпеуін тілеймін» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар