Акико Микаса археологиялық мекендерді аралады

Жапония король әулетінің Анадолыдағы тарих мұрасына деген ықыласы ерекше.

61682
Акико Микаса археологиялық мекендерді аралады

Бұл жолы Жапон ханшайымы Акико Микаса Яссыхөйүктегі археологиялық жұмыстарды аралап көрді.
Мәдениет және туризм министрі Өмер Челиктің шақыруымен келген Жапония ханшайымы Микаса Түркиядағы бесінші күнгі сапарында Кыршехир қаласына ат басын тіреді.
Микаса Кыршехир қаласының Каман ауданындағы Жапон Анадолы археология институтын аралады. Осы институтты 2010 жылы Микасаның әкесі Ханзада Томохито ашқан болатын.
Жапон қонақтың келесі аялдамасы болса біздің дәуірімізден бұрынғы екі мыңыншы жылдардың алғашқы ширегінде ассириялықтар тарапынан құрылған Яссыхөйүк елді мекені болды.
Жапон ханшайым артынан делегациямен бірге Анкараға оралды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар