Анатолы агенттігі француз тілінде хабар таратады

АА Француз тіліндегі хабар тарату кеңсесі ресми түрде қызметке ашылды.

61716
Анатолы агенттігі француз тілінде хабар таратады

Анатолы агенттігінің бас директоры Кемал Өзтүрік орталығы Тунисте болып табылатын АА Француз тіліндегі хабар тарату кеңсесін ресми түрде қызметке ашты.
Беташарға Түркияның Тунистегі өкілетті елшісі Өмер Гүжүк және Тунис бұрынғы премьер-министрі Али Әл Ураиидпен бірге Түркия, Тунис және Африкадан көптеген тұлға қатысты.
Осында сөз сөйлеген Кемал Өзтүрік «Әлемге хабарларды салыстыру мүмкіндігін береміз» деді.
Анатолы агенттігінің Сенегалдың астанасы Дакар, Париж және Брюссельде аймақ кеңселері жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге Буркино Фасо, Піл тісі жағалауы, Гвинея, Орталық Африка, Мали, Габон, Мадагаскар және Комор аралдарында тілшілері болады. Агенттік аймақтағы еркін журналистермен жұмыс істейді.
Орталығы Тунисте болатын кеңсе Алжир, Марокко, Сенегал, Нигер, Франция және Бельгияға хабар таратады. Сонымен бірге түрік, араб, ағылшын, орыс, күрт және Босния тілдерінде әлемге хабар қызметі беріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар