Түркия президенттік веложарыс аяқталды

Веложарыс 130 мемлекетте тікелей эфирде көрсетілді

63180
Түркия президенттік веложарыс аяқталды

Түркия 50-ші президенттік велосипед туры Ыстанбұл-Ыстанбұл маршрутымен аяқталды. 27 сәуірде Аланьяда басталған іс шара Ыстанбұлда аяқталды. 121 шақырымдық Ыстанбұл-Ыстанбұл маршрутында Ұлыбританиялық Марк Кавендиш жеңіске жетті.

2 сағат 35 минут көрсеткішпен жеңіске жеткен Кавендиш осылайша 8 кезеңнің төртеуін бірінші болып аяқтады.

Жарыстың жалпы жеңімпазы «Оика Гринес» командасынан Адам Йетес болды. Ол 8 күнде 1251 шақырымдық қашықтықты бақталастарына қарағанда қысқа мерзімде жүріп өтті.

Веложарыс ТРТ мен Еуроспорт арналарының әріптестігі арқасында 130 мемлекетте тікелей эфирде көрсетілді. Веложарысқа Қазақстаннан «Астана» командасы да қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар