Түрік әуе жолдары әйелдер гольф турнирі Анталияда басталды

Жарыстың жүлдесі – 250 мың евро.

64458
Түрік әуе жолдары әйелдер гольф турнирі Анталияда басталды

Еуропаның ең беделді гольф организацияларының бірі Түрік әуе жолдары әйелдер гольф турнирі кеше Анталияда басталды. 126 спортшы көгалға шыққан алғашқы күні Шотландиялық гольфші Геатер Макрай бірінші боп аяқтады.
Анталияның Белек өңіріндегі Ұлттық гольф клубында өтіп жатқан турнирде 32 елден 132 кәсіпқой гольфші сайысуда.
Бір жыл бойы жалғасатын турнир Түркиядан кейін Голландия, Словакия, Ұлыбритания, Германия, Чех Республикасы, Шотландия, Швеция, Франция, Испания, Франция, Оңтүстік Африка, Қытай, Үндістан және Дубайда жалғасады.
Жаңа Зеландияда басталған Еуропа әйелдер гольф турнирінің Түркиядағы сатысы «Turkish Airlines Ladies Open 2014» жексенбі күні аяқталады. Жарыстың жүлдесі – 250 мың евро.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар