Дзюдода қола медаль

Дилара Локманхеким Әзірбайжан өтіп жатқан Гранд Слам Дзюдо турнирінде қола медальді қоржынына салды.

65181
Дзюдода қола медаль

Ұлттық спортшы Дилара Локманхеким Әзірбайжан өтіп жатқан Гранд Слам Дзюдо турнирінде қола медальді қоржынына салды.
Бакуде Серхедчи спорт орталығында басталған турнирдің кеше алғашқы күнінде ерлер 60 және 66, әйелдер 48,52, 57 келіде спортшылар татамиге шықты.
Түрік командасында 48 келіде белдескен Дилара Локманхеким алғашқы матчта әзірбайжандық қарсыласын алып жықса да, екінші матчында италиян қарсыласынан жығылып қалды.
Бірінші репесаж матчында қытай қарсыласын жеңген Локманхеким екінші репесаж матчында отандас қарсыласы Сүмейе Акушты жеңіп, қола медальді иеленді.
41 елден 247 спортшы белдесетін турнирге Түркияға алты қыз, 5 ер спортшымен қатысып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар