Түркия – Europalia-ға қонақ ел

Мәдениет министрі Europalia делегациясын қабылдады.

65095
Түркия – Europalia-ға қонақ ел

Түркия осы фестивальдің 2015-2016 организациясында қонақ ел болады. Бұл туралы Мәдениет және туризм министрі Өмер Челиктің Europalia Халықаралық өнер фестивалі делегациясын қабылдауында сөз болды.
Қабылдауда 2013 жылғы 2 қазан күні Брюссельде қол қойылған Europalia Ниет хаттамасынан кейін тараптар арасында «Шеңбер келісіміне» қол қойылды. Осыған орай Түркия осы жобаның 2015-2016 жылғы организациясында қонақ ел болады.
Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик қабылдауда фестивальдің мәдениеттер мен қоғамдардың бір-біріне жақындауына қызмет ететінін айтты. Europalia жоғары комиссары Лук Бертранд да түрік мәдениетінің өте ерекше екенін айтып, таныстыру үшін осы фестивальдің тамаша платформа болатынын атап айтты.
Europalia дүние жүзінің ең беделді өнер фестивалі ретінде қабылданады.
Екі жылда бер мәрте қазан-ақпан айлары арасында өтетін фестиваль 1969 жылдан бері өткізіліп келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар