Аустрия әншісі Eurovision жеңімпазы

Екінші орынды Нидерланд тобы иемденді

65579
Аустрия әншісі Eurovision жеңімпазы

Аустриялық трансвестит әнші Кончита Вурст 10 мамыр күні Данияның астанасы Копенгаген қаласында өткен Eurovision байқауында 290 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Әнші халықаралық телеаудиторияда 45 елдің 180 миллион көрермені алдында «Rise Like a Phoenix» балладасын шырқады.
Байқау жеңімпазы атанғаннан кейін журналистер алдында сөйлеген әнші «әлемде гомосексуалдар адам құқықтары үшін күресінде шыңдала түседі» деген үмітте екенін мәлімдеді.
Байқауда екінші орынды 238 ұпай жинаған Нидерландтан келген «The Common Linnets» тобы, ал үшінші орынды Щвециялық әнші Санна Нильсен иеленді.
Финальға дейін жеткен ресейлік егіз жас әншілер Анастасия және Мария Толмачевалалар да, украиналық Мария Яремчук те жүлделі орынға іліге алмады.
Eurovision ережесі бойынша, келер жылғы байқау биыл жеңімпаз болған әншінің елі - Австрияда өтеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар