Кырыкпынардың бас палуаны – Фатих Атлы

653-ші кезекті Кырыкпынар майлы күрес жарысында Фатих Атлы бас палуан болды.

103470
Кырыкпынардың бас палуаны – Фатих Атлы


Кырыкпынар күресінде Фатих Атлы бас палуан болды.
653-ші кезекті тарихи Кырыкпынар майлы күрес жарыстарының бас палуаны өткен жылғы бас палуан Исмаил Балабанды финальде жеңіп алған Фатих Атлы болды.
Бәсекелестері Гүнгөр Екин, Байрам Ертан, Мехмет Иешил, Осман Айнұр және Абдуллах Гүнгөрді жеңіп шыққан өткен жылғы бас палуананталиялық Исмаил Балабанмен, Ахмет Яууз, Фарук Аккойун, Шабан Йылмаз және Режеп Карагы жеңіп алған самсундық Фатих Атлы бас палуандық атағын алу үшін ер майданына шықты.
653-ші кезекті тарихи Кырыкпынар майлы күрес жарыстарында бас палуандықты жеңіп алған Фатих Атлының алтын белбеуін Республикалық Халық партиясының лидері Кемал Кылычтароғлұ байлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар