Бүгін ауыз бекітілді

Әлемдегі мұсылмандардың қасиетті айы Рамазан басталды.

109797
Бүгін ауыз бекітілді

11 айдың сұлтаны аталған Рамазан айы келіп жетті. Мұсылмандар алғашқы Тервих намаздарын оқып, алғашқы сәресіні ішті.
Игілік пен берекет айы ретінде бағаланған Рамазан айы қуанышпен күтіп алынды. Мұсылмандар алғашқы Теравих намазы үшін мешіттерді толтырды.
Түркия астанасы Анкарада жашиық азанымен бірге көптеген мұсылман Қажы Байрам мешіті мен Кожатепе мешітіне ағылды, Рамазан айының тұңғыш Теравих намазын қылды.
Теравих намазын тарихи мешіттерде қылуды армандаған мұсылман стамбұлдықтар Сұлтанахмет, Еюп Сұлтан және Сүлеймание мешіттерін толтырды.
Елдеріндегі ішкі соғыстан қашып Түкрияны паналаған сириялықтар да Рамазан айын Кахраманмараштағы шатыр қалада күтіп алды.
Босния-Герцоговина, Македония, Сербия, Черногория және Косово елдерінде тұратын мұсылмандар алғашқы Теравих намазы үшін мешіттерді лық толтырды.
Стамбұл қаласында сәресі ішудің тамаша мекені Еюп Сұлтан мешіті мен төңірегі болды.
Стамбұлдықтар астарын дайындап, отбасындағылар және көршілерімен бірге сәресі ішті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар